Қытай өз Нобельдік сыйлығын тағайындамақ
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай енді өзінің Нобельдік сыйлығын тағайындайтын болады. Философ Конфуцийдің құрметіне аталған награда құқық қорғаушы Лю Сябаоға әлем сыйлығын табыс ету туралы нағыз Нобельдік комитеттің шешіміне берілген Бейжіңнің жауабы болып отыр.
Қытай премиясы бейсенбі күні Бейжіңде табыс етіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның салтанаты жұма күні Ослода өтетін рәсімнен асып түспесе, кем болмайды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Конфуций сыйлығының алғашқы лауреаты - Қытайға келген алғашқы тайван саясаткері, Тайванның бұрынғы вице-президенті Лиин Чан атанып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, әлем сыйлығын Лю Сяобоға табыс ету туралы Нобельдік комитеттің шешімі Бейжің тарапынан ашулы реакция туғызған болатын. Лю Сяобоның құқыққорғаушылық қызметін Қытайдың ішкі ісі деп таныған Ресей, Украина, Венесуэла және тағы 15 елдің елшілері жұма күні Ослода өтетін Нобельдік әлем сыйлығын табыс ету рәсіміне бойкот жариялайтын болып шешім қабылдады.