Қытай полициясы Шыңжаңда бес террористі ұстады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың құқық қорғау органдары ҚХР-дың солтүстік-батысындағы Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық өлкесінде террорлық топтың бес мүшесін ұстады.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі полиция мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Дүйсенбі күні Хотан қаласында жүргізілген арнайы шара нәтижесінде полицейлер 1,8 тоннаға жуық жарылғыш заттарды тәркіледі.
Осыған дейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде полиция мамыр айында террорлық лаңкестік пен діни экстремизмге қатысы бар 23 ұйымды жойып, 200-ден астам күдіктіні құрықтады.
Бұл топтар Хотан, Қашғар және Ақсуда анықталған.
Өткен бейсенбіде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында соңғы уақыттағы Қытай аумағында орын алған ірі лаңкестік оқиғасы болды. Террористердің шабуылынан қаза болғандар саны 39-ға жетті, тағы 86 адам жарақаттанды.