Қытай Премьері Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келеді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 14 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді.

Қытай Премьері Қазақстанға алғаш рет жұмыс сапарымен келеді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянды қабылдайды. Қытайлық қонақ екі елдің үкімет басшыларының 2-ші тұрақты кездесуіне және бизнес-қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іскерлік кеңес отырысына қатысады.

Оның Астанаға келген жұмыс сапарының негізгі мақсаттарының бірі ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының 13-ші отырысына (15-16 желтоқсан) қатысуы.

Қазақстаннан кейін ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян Сербияға (Қытай лидерлері мен Орталық және Шығыс еуропа елдері басшыларының 3-кездесуі) және Таиландқа ( Үлкен Меконг субаймағындағы экономикалық ынтымақтастық аясында жетекшілердің 5-ші саммиті) аттанады. Онда ол желтоқсанның 20-на дейін болады.