Қытай премьері Жапония басшысымен кездесуден бас тартты
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысының барысында Қытай премьері Вэнь Дзябоның Жапония Үкіметінің басшысы Наото Канмен кездесуі болмайтын болды.
Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Джан Ю ханым мәлім етті. «Орын алған оқиға қытай-жапон қарым-қатынасын біршама қиындатып отыр», дейді Джан Ю ханым.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 7-сінде жапондық катер Тайванның солтүстік-шығысына қарай 170 шақырымдай жерде қытай траулерін ұстаған болатын. Біраз уақыттан кейін қытайлық теңізшілер босатылды, бірақ орын алған оқиға Бейжің пен Токионың арасындағы жағдайды қиындатып отыр, деп хабарлады ВВС-дің Орыс қызметі.