Қытай, Ресей және Үндістан өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құрады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытай, Ресей және Үндістан сыртқы істер министрлерінің Аспанасты елінің астанасындағы кездесуінде Азия-Тынық мұхит аймағы үшін бірлескен консультациялық тетік құру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы «China Daily» хабарлады.
«Бұл шешім бірлескен декларацияға енгізілді, кездесу өткен аптада Үндістанда АҚШ президенті Б.Обама болғаннан кейін өтті», - деп жазады Қытайдың ағылшынтілді басылымы «Қытай, Ресей және Үндістан өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құрады» деген мақаласында.
Қытай сарапшылардың пікірінше, жаңа консультациялық тетік үш елдің Азия-Тынық мұхит ауданы проблемаларын шешудегі іс-қимылын үйлестіруге бағытталмақ. Мысалға, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Оңтүстік Азияны зерттеу институтының ғылыми қызметкері Е.Хайлинь үш елдің өңірдің болашағы және бір-бірімен рөлі жөніндегі көзқарастары әртүрлі деп пайымдайды.