Қытай сел мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандарды қайғырып, еске алды

БЕЙЖІҢ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Өткен жексенбі күні Қытайдың барлық аумағында Ганьсу провинциясының Чжоуцюй уезінде (Қытайдың солтүстік-батысы) орын алған күшті сел мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандарды еске алуға арналған қаралы іс-шаралар болып өтті.
None
None

Бұл күні Бейжіңнің орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында, сондай-ақ шетелдердегі ҚХР елшілігі мен консулдықтарында мемлекеттік ту төмен түсірілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылғы тамыздың 8-і күні Ганьсу провинциясының Ганьнань-Тибет автономды округіндегі Чжоуцюй уезінде мыңдаған адамның өмірін қиып, адамдарды жаралап кеткен ірі сел мен су тасқыны орын алған. ҚХР Мемлекеттік кеңесі тамыздың 15-ін ел бойынша барлық ұлтқа бірдей қаралы күн деп жариялау шешімін шығарды. Осы күні ешқандай қоғамдық-көңіл көтеру шаралары өткізілмеді.

Нөсер жауыннан болған сел тасқыны салдарынан құрбан болғандардың саны 1248 адамға жетті, 496 адам із-түсссіз жоғалған, 66 адам әртүрлі жарақат алып, станционарлы ем қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар