Қытай шахтасында 16 алтын іздеуші қаза тапты
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Қытайдың алтын қазу шахтасында болған жарылыстың салдарынан 16 адам қаза тауып, үйінділер астында қалған жеті кенші құтқарылды,
деп хабарлайды Лента.ру агенттігі.
Қытайлық БАҚ-тардың ақпаратына қарағанда, жарылыс жергілікті уақыт бойынша тамыздың 6-ы күні кешке елдің шығысында орналасқан Шанбдун провинциясындағы шахтада орын алған.
Апат болған кезде шахтада 329 адам жұмыс істеп жатқан, олардың көбі жарылыстан кейін бірден сыртқа шығып үлгерген. Сенбі күнгі таңертеңгілік жағдай бойынша, үйінді астында қалған жеті кеншінің тағдыры белгісіз.