16:49, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытай шахтасындағы газдың жарылысынан 12 кенші қаза тапты
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігіндегі шахтада газдың тұтануы салдарынан 12 адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға жексенбі күні түн ортасында Шаньси провинциясындағы көмір кенішінде болған. Забойда төтенше жағдай орын алған сәтте 16 кенші болған, қалған 4 адамның тағдыры туралы дерек жоқ.
Алдын ала топшылау бойынша жарылыс техника қауіпсіздігін сақтамаудан болған: жұмысшылар берілген бұйрыққа қарамастан газ жинақталған, пайдаланылмайтын үй-жайдан забойды бөліп тұрған қабырғалардың бірін сындырған, ол жарылысқа әкеп соққан.