Қытай шекаралық сауданы жеңілдету науқанын бастады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда негізгі өткізу пункттеріндегі бизнес-ортаны оңтайландыруға және трансшекаралық сауда рәсімдерін одан әрі жеңілдетуге бағытталған 2023 жылға арналған арнайы науқан басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай шекаралық сауданы жеңілдету науқанын бастады
Фото: Синьхуа агенттігі

Алты мемлекеттік мекеме, соның ішінде ҚХР Бас кеден басқармасы бастамашы болған науқан Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай және Чунцин сияқты 12 провинцияның 17 қаласында бес ай бойы жалғасады.

Смарт-өткізу пункттерінің құрылысын тереңдету және оларды цифрлық трансформациялау, сондай-ақ сыртқы сауда индустриясын жаңғыртуды, бизнестің жаңа нысандарының салауатты және тұрақты дамуын қолдау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ, логистикалық сектордың және трансшекаралық кедендік ресімдеу үшін жеткізу тізбегінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын жақсарту, импорт пен экспортты орындау шығындарын стандарттау және азайту, сыртқы сауда субъектілерінің оңтайлылығын шешу шараларына күш-жігер жұмсалатын болады.

2022 жылы Қытай елдің 10 қаласында трансшекаралық сауданы жеңілдету үшін арнайы науқанды бастады. Акция аясында енгізілген барлық 10 реформа мен инновациялық іс-шара сәтті жүзеге асырылып, жергілікті кеден органдары шығарған 501 шара да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.