09:09, 17 Қазан 2016 | GMT +5
Қытай «Шэньчжоу-11» ғарыш кемесін ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай бортында екі экипаж мүшесі бар «Шэньчжоу-11» («Қасиетті кеме-11») ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлады РИА Новости агенттігі.

Аппарат «Чанчжэн-2F» («Ұлы сапар-2F») зымыран-тасығышының көмегімен Ганьсу провинциясындағы «Цзюцюань» ғарыш айлағынан жергілікті сағат 7.30-да ұшырылды.
«Шэньчжоу-11» бортында командир Цзин Хайпэн мен оның серіктесі Чэнь Дун бар. Цзин Хайпэн осымен үшінші мәрте, ал Чэнь Дун алғаш рет ғарышқа ұшып отыр.
«Шэньчжоу-11» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды», - деді «Цзюцюаньдегі» ұшуларды басқару орталығында ғарышқа ұшуларды басқарудың қытайлық бағдарламаларының басшысы Чжан Юся.