Қытай шенеуніктері қызметтік көліктерінен айырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы мемлекеттік мекемелердің автопаркі 3000 автокөлікке азаяды. Бейжің билігі жемқорлықпен күрес және шенеуніктерге жұмсалатын шығынды қысқарту үшін осындай шешім қабылдады, деп жазады 24.kz.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі мекемелер ісі жөніндегі басқарманың ақпараты бойынша 3200 автокөлік сатылымға шығады. Оның 300-і бір айдың ішінде, яғни Қытай жаңа жылына дейін аукционға қойылады.
Бәссаудаға шыққан шенеуніктердің бұрынғы көліктерін арнайы сараптамадан өткізеді, құжаты мен техникалық жағдайын да тексереді. Түскен ақша мемлекет қазынасына аударылады. Үкімет автопаркін тарату ісі қоғамға ашық әрі әділ жүргізіледі деп сендіреді қытай билігі.