Қытай Шыңжаңда су шаруашылығын дамытуға $11,8 млрд. жұмсады
ШҰАӨ халықтық үкімет басшысы Шоврат Закер Үрімшіде 25 шілде күні Шыңжаңда су шаруашылығы кешенін дамытуға көмек көрсету жөнінде өткен жиналыста 12-ші басжылдықта осы салаға құйған инвестиция көлемі 11,8 млрд доллар болғанын айтты. Оның 5,1 млрд-ы орталық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен алынған. Осы бағдарламаның арқасында 3,6 млн фермер мен мал шаруашылығы нысандарын таза сумен қамтамасыз ету мүмкін болған.
Қытайдың су шаруашылығы министрі Чэнь Лэйдің айтуынша, осы кезең де, алдағы кезең де ШҰАӨ-де су шаруашылығы кешендерін дамытуда зор серпіліс жасау үшін өте маңызды. 13-ші бесжылдық аясында Шыңжаң өлкесін сумен қамту, су қаупі жайлы ескерту, гидротехникалық нысандар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су көздерін реабилитациядан өткізу мен қалпына келтіру сынды мәселелер шешімін таппақ.
Еске сала кетейік, Ертіс және Іле өзендері сынды маңызды тұщы су көздері Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінен бастау алады. Сонымен қатар, ШҰАӨ экономикасының қарқынды өсуіне және Қазақстанмен шекаралас аймақтарда жан санының көбеюіне байланысты суға тұрмыстық қажеттілік артып отыр.