Қытай СІМ отандастарына әзірге Тайландқа сапар жасамауға кеңес берді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытай Сыртқы істер министрлігінің Консулдық департаменті дүйсенбі күні мәлімдеме жасап, отандастарын Тайландқа әзірге сапар жасамауға шақырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тайланд премьер-министрі Абхисит Ветчачива Бангкокта, Паттаяда, елдің басқа да аудандарында төтенше жағдайдың енгізілгені туралы хабарлағаннан кейін, Қытай Сыртқы істер министрлігінің Интернеттегі сайтында жоғарыдағы мәлімдеме жасалды. Қазіргі уақытта Тайландта жүрген Қытай азаматтарына, жеке бастарының қауіпсіздіктері үшін шерушілер шоғырланған жерлерден алыстау жүруге және шұғыл жағдайларда дереу Қытай елшілігінің консулдық қызметіне хабарласуға кеңес беріліп отыр.