Қытай Сирия мәселе жөнінде Араб мемлекеттері лигасын қолдайды

ЙЖІҢ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Дүйсенбі күні Қытай Араб мемлекеттері лигасының бастамасын қолдаған кезде Сирия халықаралық қысымның астына қалды.
None
None

«Қытай кезекті мәрте Сирия үкіметі мен тиісті тараптарды зомбылықты тоқтатып, жан-жақты саяси үдерісті бастауға, сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасының бастамасын жүзеге асыруға бағытталған күш-жігерді жалғастыруға шақырады», - деп мәлімдеді ҚХР СІМ ресми өкілі Лю Вэйминь Бейжіңде дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан әрі қытай дипломаты Қытай араб мемлекеттері лигасының Сириядағы қазіргі дағдарысты шешуге бағытталған күш-жігерін қолдайтынын хабарлады. «Қазіргі жағдайда Араб мемлекеттері лигасының бастамаларын тезірек жүзеге асыру үшін Сирияда тиісті тараптардің бірлескен күш-жігері, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық тарапынан тиісті жағдайлар жасау қажет», - деп атап өтті ол.

Дүйсенбі күні ҚР СІМ Сирияда Сауд Аравиясы мен Катардың елшіліктеріне, сондай-ақ басқа да дипломатиялық миссияларға шабуыл жасалғаны туралы соңғы хабарларға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан дипломатиялық өкілдіктерге қарсы кез келген шабуыл жасауға жол беруге болмайды деп бұл әрекеттерді айыптады.

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағасы ретінде Сирия үкіметін жағдайды қалпына келтіру шараларын алуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар