Қытай сириялық химиялық қаруға байланысты Лавров пен Керри келісімін жоғары бағалады
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат -Қытай сириялық мәселе бойынша Ресей мен АҚШ арасында қол жеткізілген уағдаластық жетістігін жоғары бағалайды.
«Бұл келісім Сириядағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді», деп мәлім етті Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус кездесуі барысында, деп хабарлады РБК.
Оның атап өтуінше, Керри мен Лавров арасында қол жеткізілген уағдаластық сириялық жанжалды реттеу жолындағы маңызды қадам болмақ.
СІМ Сергей Лавров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керридің қатысуымен сириялық химиялық қаруға байланысты келіссөздер аяқталды.