Қытай Солтүстік Кореямен арадағы шекараны жапты

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Қытайдың билік органдары сәрсенбі күні саяхатшылар топтары үшін Солтүстік Кореямен шекарадағы Даньдун қаласындағы қадағалау өткізу пунктін жапты.

Қытай  Солтүстік Кореямен арадағы шекараны жапты

Бұл КХДР-ға кіруге мүмкіндік беретін жолдардың бірі болатын.

АҚШ және Оңтүстік Корея Пхеньян баллистикалық зымырандарды сынамалы түрде іске қосу әзірлігін аяқтады деп болжағандықтан, сәрсенбі күні КХДР-ға бақылауды күшейтті.

Бұл туралы Қытай шекара қызметінің өкілі хабарлап отыр.