Қытай солтүстіккореялық зымыран ұшырылуы төңірегіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді
БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат – ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган кеше Бейжіңде өткен брифингіде қытай тарапының Солтүстік Кореяда жоспарланып отырған орбиталық спутникті ұшыру төңірегіндегі жағдайдың дамуына алаңдаушылығын білдірді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дипломат жағдайдың дамуына Қытай жіті назар аударып отырғанын мәлімдеді және қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар «салқынқандылық пен ұстамдылық танытуға, аймақтағы жағдайды ушықтыруға әкелетін іс-қимылдан аулақ болуға тиіс, Корея түбегінде және Солтүстік Шығыс Азия аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге міндетті» деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ мүдделі елдер солтүстіккореялық ядролық проблема бойынша алтыжақты келіссөздерде ілгерілеушілікке жәрдемдесетініне сенім білдірді.