Қытай спартакиадасында 4 қандасымыз жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - XIII кезекті жазғы Жалпы қытай спартакиадасы өз мәресіне жетіп, 4 шыңжаңдық қазақ спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Байрақты бәсекеде Қытайдағы қазақ балуандары үш медаль еншіледі.

Еркін күрестен 65 кг салмақта өнер көрсеткен қандасымыз Ерланбек Кәтейұлы алтын медаль жеңіп алса, грек-рим күресінен 59 кг салмақта Уәлихан Серікұлы және 130 кг салмақтағы Мұратбек Шәйсұлтанұлы қола жүлдені иеленді.

null

Бокстан 75 кг салмақта сынға түскен Тоқтарбек Таңлатханұлы күміс медаль еншіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, төрешілердің Тоқтарбекке жасаған ашық әділетсіз шешімінен кейін, Қытай Мемлекеттік спорт бас басқармасы төрешілерді жазалап, бокстан ұлттық құраманы таратып жіберген еді.

null

Айта кетейік, Ерланбек Кәтейұлы 2013 жылы XII кезекті спартакиадада чемпион атанып, Қытай атынан 2016 жылғы Рио Олимпиадасына қатысқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар