Қытай спортшылары Қытай Халық Республикасының құрылуының 60 жылдығын тойлауға атсалысады

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің  29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сулейменов/ -    Қытайлық спортшылар   Қытай Халық  Республикасының  құрылуының  60 жылдығын тойлауға  белсенді атсалысады.   Бұл туралы жексенбі күні  Бейжіңде  ҚХР Мемлекеттік  кеңесінде  өткен   брифингте       дене шынықтыру және  спорт  істері  жөніндегі мемлекеттік басқарманың бастығы  Лю Пэн мәлім етті,

Қытай спортшылары  Қытай Халық Республикасының   құрылуының  60 жылдығын  тойлауға атсалысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лю Пэн  атап көрсеткендей,    таңдаулы  қытай спортшылары   бейсенбі күні Тяньаньмэнь  алаңында  өтетін  салтанатты  шеруге  қатысады.  «Қытайдың  құрылу күніне арналған  парад барысында Бейжің Олимпиадасының  да тақырыбы   сөз болады.   Атап  айтқанда,     ол шараға Бейжің Олимпиадасының  чемпиондары,    еріктілер және  олимпиадалық нысандардың   жобалаушылары    жұмылдырылады»,  деп   атап көрсетті Лю Пэн.