Қытай статистикасы мұнай бағасының қымбаттауына себеп болды
ТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 18 қазандағы сауда қорытындысы бойынша инвесторлардың жаһандық экономика баяу өседі деген болжамы негізінде әлемдік мұнай бағасы күрт өсіп кетті.
WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел сауда биржасында 2011 жылы 18 қазандағы сауда қорытындысы бойынша 1,96 долларға өсіп, барелліне 88,34 долларды құрады.
Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауар биржасында 2011 жылы 18 қазандағы сауда қорытындысы бойынша 0,99 долларға қымбаттап, барелліне 111,15 долларға теңелді, деп хабарлайды РБК.
Таяуда ҚХР Ұлттық статистика бюросы ақпарат таратып, оған сәйкес, 2011 жылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша Қытай ЖІӨ 9,1%-ға өскен. Сарапшылар өсім 9,2% болады деп болжаған еді. Соған қарамастан, ағымдағы жылдың өткен тоқсанымен салыстырғанда, қытай ЖІӨ 2,3% артты. Сарапшылар бұл өсім 2,1% пайызды құрайды деп болжаған.