Қытай су жобаларын жүзеге асыру үшін 600 млрд. АҚШ долларын инвестициялауда

БЕЙЖІҢ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай он жыл ішінде су ресурстарын сақтау үшін су жобаларын жүзеге асыруға 608 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды көздеп отыр.

Қытай су жобаларын жүзеге асыру үшін 600 млрд. АҚШ долларын инвестициялауда

Бұл туралы өткен жексенбі күні Бейжіңде өткен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің кезекті баспасөз мәслихаты барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің өкілі Чэнь Сивэнь мәлім етті.

Қытай билігі 5-10 жыл ішінде елді суландыруда артта қалушылықты түбірімен өзгертпек.