Қытай супер компьютерлер рейтингісінде АҚШ-ты айналып өтті
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Қытай супер компьютерлері әлемдегі 500 ең күшті компьютерлер рейтингісімен АҚШ-ты өкшелеп қалды. Оак-Ридж ұлттық (Теннеси штаты) зертханасында орналасқан Америкалық Cray XT5 Jaguar-ды Тяньчжиндегі Қытай қорғаныс технологиясы ұлттық университетінде орын тепкен Tianhe-1A суперкомпьютері ығыстырды, деп хабарлайды Вести. Ру.
Top-500 рейтингісіне АҚШ-тан 275 суперкомпьютер (Қытайдан - 42, ал Жапония мен Германиядан- 26-дан) кіретініне қарамастан, қуатты компьютерлер рейтингісін Құрама Штаттардың «мәшинесі» бастап жатқаны алғашқы рет емес, мысалы 2004 жылы тізімнің басында жапондық NEC Earth Simulator тұрды.
Tianhe-1A өнімділік деңгейін секундына 2,67 петафлопқа жеткізеді, ал Jaguar секундына - 1,75 петафлоп. Үшінші орынды Қытайдан шыққан тағы бір «келімсек» - секундына 1,27 петафлопқа қол жеткізіп отырған Nebulae суперкомпьютері иеленді.