11:33, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Қытай Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның Манас авиабазасын жабу туралы шешіміне құрметпен қарайды
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ -
Қытай тарабы Бішкек түбіндегі «Манас» авиабазасын жабу туралы Қырғызстанның Мәскеуде жария еткен шешімін қаперге алды және оған құрметпен қарайды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы бейсенбі күні Бейжіңде өткен тұрақты брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй мәлім етті. Дипломат Қытай тарабының атынан Орталық Азияда тыныштықтың, орнықтылықтың және даму үрдісінің сақталатынына үміт білдірді.