Қытай Сыртқы істер министрлігі Шынжаңдағы жаңа толқулар туралы ақпаратты растаған жоқ

АСТАНА.  Қыркүйектің 3-і.   ҚазАқпарат -  Қытай Халық Республикасының   Сыртқы істер  министрлігі     Шынжаң-Ұйғыр  автономиялық     өлкесіндегі    шілденің 5-індегі  бұқаралық тәртіпсіздіктерден кейін   орын  алған жаңа  толқулар  туралы   бейсенбі күні түскен    ақпаратты    растаған жоқ, 
None
None

 деп     хабарлайды  ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Батыстың ақпарат  агенттіктері   куәгерлерге сілтеме  жасап,    Шынжаңның  әкімшілік  орталығы  - Үрімшідегі     жаңа    бұқаралық толқулар  туралы     бейсенбі күні   хабарлаған  болатын.

 «Сыртқы  істер  министрлігі   ондай  мәлімет  алған жоқ», - деп мәлім етті  Қытай   сыртқы саясат  ведомствосының  ресми өкілі Цзян Юй  ханым ресейлік  «Жаңалықтар» агенттігінің   сауалына   берген   жауабында.  Цзян  Юй ханымның айтуынша,    қытай   үкіметі  «өңірдегі  тұрақтылық  пен ұлттық   ынтымақтастықты  қамтамасыз  етуге»  қабілетті.

 Шілденің 5-інде Үрімшіде  болған  бұқаралық толқу  200-дей адамның өмірін  қиған болатын.

Соңғы жаңалықтар