Қытай таяудағы үш жыл ішінде 50 ғарыштық ұшырулар өткізуді жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы үш жыл ішінде Қытайда шамамен 50 ғарыштық ұшырулар жүргізіледі. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне эксклюзивтік сұхбатында Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің мүшесі, Қытайдың CALT зымыран-тасығыштар зерттеу академиясы партия комитетінің хатшысы Лян Сяохун мәлім етті, деп хабарлады «Новости космонавтики».

Қытай таяудағы үш жыл ішінде 50 ғарыштық ұшырулар өткізуді жоспарлауда

Лян Сяохун, сондай-ақ, қазіргі кезде CALT жыл сайын 16-дан 20-ға дейін зымыран-тасығыштар шығаруға қабілетті екенін атап өтті. 2015 жылы «Чанчжэн-11» алғашқы жаңа ұрпақ жеңіл зымыран-тасығышын шығару жоспарланған.

Сонымен бірге, таяудағы болашақта «Чанчжэн-7» және «Чанчжэн-5» жаңа ұрпақ орташа және ауыр зымыран-тасығыштарын жасау аяқталады. «Аталған зымырандар экологиялық таза отынмен жұмыс істейді және қытай космонавтикасын дамытуда жетекші рөл атқарады», - деп атап өтті Қытайдың CALT зымыран-тасығыштары зерттеу академиясының партия көшбасшысы.