Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қытай телекоммуникациялық технологияларды сынау үшін жаңа спутник ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР телекоммуникациялық технологияларды сынақтан өткізетін заманауи жерсерікті сәтті ұшырды, деп хабарлады РИА Новости ҚХР қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қытай телекоммуникациялық технологияларды сынау үшін жаңа спутник ұшырды

Спутник бейсенбі күні жергілікті уақытпен 23:19-да Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан "Чанчжэн-3B" тасығыш-зымыраны арқылы ұшырылды. Ол спутниктік байланысты қамтамасыз ету үшін және көпжиілікті, жоғары жылдамдықты деректерді беруді сынау үшін қолданылады. Спутникті жіберу -  2017 жылдағы Қытайдың алғашқы сәтті ұшыруы болды.

Бұған дейін Қытай аэроғарыштық ғылым және техника корпорациясы (CASC) 2017 жылы ғарышқа 30 зымыран ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.