«Қытай теміржолы компаниясының» президенті өзіне-өзі қол жұмсады
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қытай теміржолы компаниясының» президенті Бай Чжунжень өзіне-өзі қол жұмсады,
деп хабарлады дүйсенбі күні South China Morning Post қытайлық БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып.
Осыған дейін 53 жастағы бизнесменнің қайғылы жағдайда қаза болғаны хабарланған еді, алайда анықталған ақпарат бойынша, Бай Чжунжень терезеден секіріп кеткен. " Ол соңғы жылдары жүйке ауруына шалдыққан болатын", - деп мәлім етті оның туыстары журналистерге.
БАҚ деректеріне қарағанда, президенттің мұндай күйзеліске түсуіне «Қытай темір жолы компаниясының» көп мөлшердегі қарызынан құтыла алмауы себеп болса керек.