Қытай теңіз қарақшылары басып алған кемені құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қытай үкіметі Үнді мұхитында теңіз қарақшылары басып алған жүк кемесін босатуға барлық шараларды қолданатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.
Әзірге қытайлықтардың өз кемесін қандай жолмен босатып алуы жөнінде нақтылап айтылған жоқ. Бірақ Сомали жағалауларында қытайлық әскери кемелердің бар екені хабарланды. Қытайдың жүк кемесіне көмір тиелген, оның бортында экипаждың 25 мүшесі бар.