Қытай теңіз платформасынан ғарышқа екі спутник ұшырды

ЯНЬТАЙ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат – Қытай бүгін Сары теңіздегі ұшырылым платформасынан эксперименттік екі спутник ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қытай теңіз платформасынан ғарышқа екі спутник ұшырды

LEO спутник навигациясын күшейту жүйесімен жабдықталған CentiSpace-S5/S6 эксперименттік спутниктері «Чанчжэн-11» зымыран тасығышының көмегімен Бейжің уақыты бойынша 21:10-да ұшырылды. Одан кейін олар белгіленген орбитаға сәтті шықты.

Ұшырылған спутниктер нақты уақыт режимінде навигация спутниктерінің жаһандық жүйесінің жай-күйін бақылау үшін қолданылады. Сонымен қатар, олар навигациялық инфрақұрылым сигналының дәлдігін арттыру мүмкіндігін тексереді және спутниктер арасында лазерлік байланыстарды сынақтан өткізеді.

Бұл ұшырылым – «Чанчжэн» сериясындағы зымыран тасығыштары үшін 441-ұшырылым.