Қытай тұрғындары ядролық зауыт салуға жол бермеді

БЕЙЖІҢ. 14 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытай провинциясы Гуандун қаласының өкіметі жергілікті халықтың қарсы болуына байланысты ядролық жанармайды қайта өңдеу бойынша зауыт салу жоспарынан бас тартты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
None
None

China National Nuclear Corporation компаниясы жылына 1 мың тонна ядролық жанармай өндіретін зауыт салуды жоспарлаған. Жоба құны 6 млрд. долларға бағаланды. Жоба бойынша кәсіпорын Даявань, Тайшан және Янцзян АЭС-теріне уран жеткізіп тұруы тиіс еді.

Алайда жергілікті халық аталған жобаға қатысты наразылық білдірді. Тұрғындардың пайымдауынша, бұл олардың жеке басына және қоршаған ортаға зиянын келтіреді. Хэшань қаласының мэрі У Юйсюн: «Қала басшылығы қоғамдық пікірді құрметтейді, сол үшін бұл жобаны мақұлдамайды»,- деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар