Қытай тұрғыны қалыңдығына 102 келі ақша сыйлады

Олар үйлену тойының сыйлығын тасыған. Ал соңдарынан ондаған қымбат бағалы көліктер жүріп отырған. Жергілікті салтқа сәйкес, күйеу жігіт қалыңдықтың отбасына той сыйлығы ретінде шарап, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды, сонымен бірге, 8 млн. 883 мың 888 юань (1,5 млн доллаға жуық) ақша әкелген. «Сегіз» саны Қытайда бақыт әкеледі деп саналады әрі оны байлықпен байланыстырады. Ал қалыңдық жағы болса қызға берілетін жасау ретінде «Мазерати», «Мерседес» маркалы 10 жеңіл автокөлік сатып алған.
Күйеу жігіттің отбасы «қалыңдықтың қалың малы» ретінде оған қажет ақшаны үйлену тойына жарты ай қалғанда жинай бастаған. Салмағы 102 келі болатын банктен алынған жаңа купюра үйде сейфте ешқандай күзетсіз сақталған. Той басталар алдында ақша купюралары бамбук қоржындарға салынып, оны 1,5 шақырым бойы тасушылар жаяу-жалпылап алып барған. Одан кейін ақша банкке жеткізілді.
Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.