Қытай тұрғыны неке жүзігі үшін 150 келі тиын төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда күйеу жігіт Лян Лян қалыңдығына неке жүзігін сатып алды. Сыйлықтың құны 12 мың юань. Ол жүзік ақысын жалпы салмағы 150 келі болатын монетамен төледі.

Қытай тұрғыны неке жүзігі үшін 150 келі тиын төледі

Ақшаны салонға қапқа салып, велосипедпен әкелген. Бұл тиындарды зергерлік бұйым дүкенінің 4 қызметкері жарты күн бойы санады.

Қытайлық жігіт Аньхой провинциясында тұрады. Балалық шағында қалыңдығына өз тойына арнап ақша жинауға уәде берген көрінеді. Ақшаны жинап болған соң қалыңдығына сөз айтады. Ол да қарсылық танытпаған.