Қытай тұрғынының жүктілігі рекордтық 17 айға созылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хунань провинциясының тұрғыны таяуда жүктілік мерзімі жағынан әлемдік рекорд орнатты. Ол 17 айға созылған, деп хабарлады ria.ru People's Daily -"Жэньминь жибао" басылымына сілтеме жасап.
Ван Ши өткен жылы ақпанда жүкті болған. Дәрігерлер 15 қарашада туады деп болжаған.
Алаңдаулы әйел ауруханаға 7-10 күн сайын бара бастады. Оның денсаулық жағдайы жақсы. Әйелдің айтуынша, 18-інші айда оған ота жасайды.