Қытай үкіметі Қазақстан дүнгендеріне электронды оқулықтар сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға дүнген этносының қоныстануының 140 жылдық мерейтойлық датасы аясында ҚХР үкіметі еліміздегі Дүнгендер қауымтастығына әлем тілдерін үйренуге арналған инновациялық электронды оқулықтарды сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл оқулықтарды ҚХР Сыртқы істер министрлігі әзірлеген. Ол орыс, ағылшын және қытай тілі сынды әлемнің 8 тілін үйренуге арналған. Электронды қаламсапты кез келген сөзге апарсаңыз ол өзіңіз таңдаған тілге автоматты түрде аударып береді», - деді Қазақстандағы Дүнгендер қауымдастығының жетекшісі Хусей Дауров.
Оның атап өтуінше, Қазақстандағы Дүнгендер қауымдастығы бұл жаңа оқулықтарды ең бірінші болып алып отыр.
«Дүнгендер өздерінің ана тілі қытай тілінің көне диалектісін сақтап қалғандығын айтады. Бүгінде дүнгендер жинақы тұрып жатқан елді мекендердегі мектептерде ана тілін оқыту бойынша қосымша факультативтік сабақтар өткізіледі. Ал ендігі уақытта, жаңа электронды оқулықтың арқасында біздің балаларымыз қазіргі заманғы әдеби қытай тілін тез арада меңгеріп, Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықта маңызды рөлге ие бола түседі. Өйткені, қазіргі уақытта екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы ең негізгі проблемалардың бірі қазақ, орыс тілдерімен қатар қытай тілігін жетік меңгерген кадрлардың жетіспеушілігі болып отыр», - деді Дүнгендер қауымдастығының жетекшісі.
Айта кетейік, Қытайдың Ганьсу және Шэньсу дүнгендерінің біраз болігінің Жетісуға қоныс аударуы 1864-1878 жылдары Батыс Қытайдағы дүнген көтерілісіне байланысты болды. Іле аймағынан 6 мыңдай дүнген Қазақстан және Орта Азия жеріне көшірілді

