Қытай үкіметі оба ауруы шыққан аумақтағы карантинді алып тастады
БЕЙЖІҢ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Оба ауруы шыққан Қытайдың Цинхай провинциясына енгізілген карантиндік тәртіп алып тасталды. Тиісті шешімді жергілікті билік тамыздың 8-інде қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Карантинді алып тастау туралы шешім апта ішінде обаны жұқтырудың жаңа оқиғасының болмауына байланысты қабылданды.