Қытай ұшқышсыз басқарылатын ғарыш кемесін ұшырды
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қытай ұшқышсыз басқарылатын «Шэньчжоу-8» ғарыш кемесін сәтті ұшырды. Бұл туралы ғарыш кемелерін ұшырудың Қытай бағдарламалары штабының бастығы Чан Ваньцюань мәлім етті, деп хабарлады bnews.kz порталы.
«Синьхуа» агенттігі хабарлағандай, бүгін таңертең сағат 05:58-де ұшырылғаннан кейін ғарыш кемесі орбитаның белгіленген қашықтығына Цзюцюань ғарыш айлағынан (Қытайдың солтүстік батысы) «Чанчжэн-2F» зымырантасығышымен шығарылды.