20:44, 15 Шілде 2017 | GMT +5
Қытай ұшқышсыз ұшатын ұшақты сынақтан сәтті өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай аэроғарыш ғылымы және техникасы корпорациясы (CASC) 14 шілде күні отандық Rainbow - CH-5 (кемпірқосақ 5) ұшқышсыз ұшатын ұшақты сәтті ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синьхуа ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, аталған ұшақ заманауи әскери барлау және шабуылдау техникаларымен жабдықталған және 10 мың метр биіктікте 60 сағат бойы ұша алады. Сондай-ақ оның 1 тонна жүкті алып ұшуға қауқары бар.
CASC арнайы өкілінің айтуынша, CH-5 ұшқышсыз ұшақ жоғары технологиялы камера мен барлау құрылғыларымен жарақтандырылған. Ол қоршаған ортаны қорғау, өрттен сақтану және теңіз байлықтарын барлау бағыттарында қолданылмақ.
Айта кетейік, Rainbow - CH-5 ұшқышсыз ұшағы 2016 жылы Қытайда өткен Авиация және ғарыштық көрмесінде таныстырылған еді.