Қытай вице-премьері жаһандану кезінде Азияны дамытудың бес қағидатын атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік экономика жаһандану және еркін сауданы дамыту жолында алға жүре беруі тиіс. Бұл туралы Боаодағы Азия экономикалық форумында Қытай вице-премьері Чжан Гаоли айтты, деп хабарлады ТАСС.
«Азияның дамуы әлемсіз, ал әлемнің Азиясыз гүлденуі мүмкін емес. Біз жаһанданудан көп нәрсе алдық және көп үлес те қостық», - деді ол.
Оның айтуынша, Азия елдері бірлесіп экономикалық жаһандану мен әлемдік сауданы жылжыту үшін бес қағидатты ұстанады. Бірінші қағидат - бейбіт дамуға ықыластылық, деді Чжан Гаоли. «Бейбіт жағдайда болмаса, экономикалық жаһандану - бұл жалған болады. Әлемді сақтауда негізгі жауапкершілік ұлы державаларда. Олар өзара стратегиялық байланыстарды күшейтіп, сенімді тереңдетіп, бір-бірінің мүдделерін құрметтеуі тиіс. Эгоистік мүдде салдарынан өңірлік тұрақтылыққа, стратегиялық жаһандануға залал келтірмеуі қажет», - деді ол.
«Инновациялық даму (екінші қағидат) - әлемдік экономика өсімінің қозғаушы күші. Инновация, реформа есебінен серпінді қамтамасыз етіп, сондай-ақ монетарлық саясатты, құрылымдық реформаны үйлестіріп, жаңа технологияны пайдалануымыз қажет», - деді вице-премьер.
Үшінші қағидат - даму ашықтығы. «Біз күллі әлемге бағдарланған үлкен нарық, еркін сауда желісін құруды алға жылжытуымыз қажет», - деді Чжан Гаоли.
Төртінші қағидат - «бірлесіп дәуірлеуді» дамыту. «Күллі әлемде игілікті алу, тұтыну теңгерімсіздігі мен тұрақсыздығы проблемаларын шешуге баса назар аудару қажет. Оңтүстік елдердің жаһандық экономиканы дамытудың индустриалдық тізбегіне қатысуына жәрдемдесіп, кей елдердегі кедейлікпен күресуге күшімізді жұмылдыруымыз қажет», - деді ол.
Соңғы қағидат - әділдік пен теңдік, - деді ол. «Сауда-экономикалық ынтымақтастықта барлық елдер әлемдік экономиканы дамытуға тең қатысуы қажет, осы ғана оның дамуына жәрдемдесе алады», - деп сөзін түйіндеді Чжан Гаоли.