Қытай виртуалды ақша саудасына бақылауды күшейтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай виртуалды валюта саудасымен айналысатын шетелдік платформаларды бақылауға алуда, деп хабарлайды Синьхуа.

Қытай виртуалды ақша саудасына бақылауды күшейтпек

Қытайдың Халық банкі таратқан мәліметтерге қарағанда, ІСО криптовалюталарын тоқтатқан соң, көптеген тұрғындар шетелдік платформалар арқылы виртуалды ақша саудалаумен айналыса бастаған.

Бұдан тыс, елде осы саладағы коммерциялық құрылымдарға тыйым салу, виртуалды ақшалармен сауда жасайтын онлайн платформаларды жабу шаралары да қолданылатын болады. Ондағы негізгі мақсат елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып отыр.