Қытай «Яогань-22» спутнигін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 қазан күні Тайюань Қытай космодромынан ДЗЗ «Яогань-22» (40275 / 2014-063А) спутнигі «Чанчжэн-4С» зымыран тасушысы арқылы ұшырылды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

 Қытай «Яогань-22» спутнигін ұшырды

«Яогань-22» спутнигі - жер және табиғи ресурстарды, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу, одан келетін зардапты азайту мақсатында ғылыми зерттеулер үшін жасалған.

Оның ұшып шыққаннан кейінгі жер бетімен минималды арақашықтығы 1196 шақырым, максималды қашықтығы 1209 шақырымды құрайды.