05:37, 15 Ақпан 2016 | GMT +5
Қытай юань бағамының құлдырауын «әлдебір алыпсатарлардан» көрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Орталық банкінің төрағасы Чжоу Сяочуань «қытайдың ұлттық валютасына шабуыл жасады» деп әлдебір халықаралық алыпсатарларды айыптады. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.

Банк төрағасының айтуынша, соңғы кезде жиілеп кеткен юань бағамының ұдайы құлдырауына бұдан басқа себеп жоқ екен. Чжоу Сяочуань пікірінше, Қытай билігі елдегі валюта нарығында алыпсатарлар басымдығына жол бермеуі тиіс көрінеді.
Бұл мәлімдеме шығыс Жаңа жылын мерекелеу кезінде бір апта жұмысын тоқтатқан қытай қор нарығының қайта ашылар тұсында айтылды.
Юань бағамын тұрақтандыру шаралары елдің валюта қорының азаюына әкеліп соққан болатын.