Қытай юаньды әлемдік сауда-саттықтағы жетекші валютаның біріне айналдырудың стратегиясын қабылдады

АСТАНА.  Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат -    Қытай   юаньды  алдағы 3-5 жылда әлемдік сауда-саттықтың     жетекші валютасының біріне айналдыруды мақсат еткен  жаңа  валюта-қаржылық стратегия  қабылдады.   

Қытай    юаньды   әлемдік сауда-саттықтағы   жетекші  валютаның біріне айналдырудың стратегиясын қабылдады

ИТАР-ТАСС  агенттігінің  хабарлауынша,  бұл туралы    Лондондағы   қаржылық «жиырмалықтың»   басшылығынан мәлім  болып  отыр.

Мәлім болған ақпаратқа  сәйкес, Қытай  Халықаралық   валюталық қордың  арнайы      құқығы    негізінде  АҚШ  долларының орнына   балама  әлемдік  резервтік валютаны  құру  жөніндегі   бұған  дейінгі  талпыныстарынан бас тартып  отыр. «Барак Обама  әкімшілігінің  өкілдерімен болған  консультациялар   барысында  Бейжің   «АҚШ   доллардың  қазіргі мәртебесінен бас тартуға  ниетті емес»  деген      қорытындыға келіп  отыр»,  деп  хабарлады «жиырмалыққа» төрағалық  етуші елдің  өкілі.

Британ    дерек көздеріне сәйкес, нәтижесінде Қытай    өзінің  ортамерзімдік валюта-қаржылық саясатын  қайта қарап  шығып,     өз ұлттық валютасы - юаньды  әлемдік  сауда-саттыққа белсендірек  енгізу  туралы шешім  қабылдап  отыр.   Аналитикалық   болжамдарға сәйкес,   Қытай 2012 жылға қарай   әлемдік саудада  жыл  сайын   2 триллион юаньға сауда  жасайтын  жағдайға  қол жеткізе алады.