Қытай зейнеткерлік жасты ұлғайтуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда зейнеткерлік жасты ұлғайту жобасы 2017 жылы ұсынылуы мүмкін, деп хабарлады «Синьхуа».

Қытай  зейнеткерлік жасты ұлғайтуға ниетті

Кеше, сейсенбі күні ҚХР еңбек ресурстары және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Вэйминь бүгінгі таңда зейнеткерлік жас әйелдер үшін 50 және 55, ерлер үшін - 60 екендігін, бұл 1953 жылы белгіленгенін мәлімдеді.

«Ол бүгінгі әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына жауап бермейді, сондықтан оны өзгерту қажет», - деп атап өтті ол.

Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен ұлғайту әлем елдерінде, әсіресе дамыған мемлекеттерде жалпыға бірдей қабылданған тәжірибе болып табылады, - дейді министр.