11:14, 04 Сәуір 2021 | GMT +5
Қытай жағалауында балық аулайтын кеме теңізге батып кетті, 8 адам қаза тапты
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Балық аулайтын кеме Чжэцзян провинциясының Шығыс Қытай теңізінде батып кетті. Өңірлік іздестіру-құтқару қызметінің айтуынша, кеме бортында 20 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Теңіздегі аймақтық құтқару орталығына апат дабылы жексенбі күні таңертең, Бейжің уақытымен 04:28 кезінде келіп түскен.
Кеме Чжэцзян провинциясының жағалауынан 100 миль қашықтықта батып кетті. Таңғы сағат 08:00-де сегіз адамның мәйіті табылды, экипаждың бес мүшесі құтқарылды.
Іздеу жұмыстары жалғасуда, оған жергілікті жағалау күзеті, құтқару қызметтері, осы аймақтағы балық аулау шхуналары қатысып жатыр.
Оқиғаның себептері туралы ақпарат жоқ.