Қытай жаңа спутникті ғарышқа ұшырды
СИЧАН. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – Жұма күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен сағат 14:17-де (Астана уақытымен 12:17-де) эксперименттік жаңа спутник сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Шиянь-21» спутнигі «Чанчжэн-11» («Ұлы жорық-11»)зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды. Ғарыш кемесі белгіленген орбитаға сәтті шықты.
