15:09, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Қытай Жапонияның Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің басшысына виза беруіне қарсы шығуда - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 12 мамыр. ҚазАқпарат- Қытай Жапонияның «Дүниежүзілік ұйғыр конгресіне» қолдау білдіруіне түбегейлі қарсылық білдіруде.

Бұл туралы жұма күні Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
Қытайлық дипломаттың сөзіне қарағанда, Дүниежүзілік ұйғыр конгресі лаңкестік ұйымдармен тығыс байланыста және Қытайға қарсы сепаратистік топ болып табылады.
«Қытай Жапонияны қытайлықтардың мүддесімен санасуға және нақты күш-жігерлер арқылы қытай-жапон қарым-қатынастарын нығайтуға шақырады», -деп атап өтті Хун Лэй.
Мамырда Жапонияда Дүниежүзілік ұйғыр конгресі өтеді. Шараға ДҰК-нің басшысы Рабия Кадыр қатысады.
Ағымдағы жылы Қытай мен Жапония қарым-қатынастардың бір арнаға түскеніне 40 жыл толуын атап өтеді.