Қытай жастары ұйқысыздық сырқатынан зардап шегуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда тұрғындардың шамамен 20 пайызы ұйқысыздықтан зардап шегеді. Негізінен бұл 20-40 жастағылар арасында көптеп байқалады. Мұндай статистиканы Чжэцзян университеті жанындағы психиатрия бөлімінің дәрігері Юй Хуалян жария етті.

Қытай жастары ұйқысыздық сырқатынан зардап шегуде

Ұйқысыздықтан негізінен ой-сана еңбегімен жұмыс істейтіндер зардап шегеді.

Жағымсыз эмоциялар, ауру түрлері - атап айтқанда қалқанша безінің кемшілігі, уремия, сонымен қатар спирттік ішімдіктерді көп пайдалану, кейбір дәрілерді пайдалану ұйқының бұзылуына әкеліп соғады.

Осы мәселені зерттеген медицина маманы «Қытайда жыл өткен сайын ұйқысыздықтан көбіне жастар зардап шегеді» деген қорытынды жасады. Бір жақсысы олар денсаулық сақтау саласының мамандарынан көмек сұрауға жасқанбайды. «Адамдардың шамамен 70 пайызы бізге ұйқымыз бұзылды деп шағымданып келеді, - деді Юй Хуалян. - Алайда олардың барлығында ұйқысыздық сырқаты анықталмайды».

Бұл мәселені шешу үшін демалыс уақытын өзгертіп, кері эмоциялардан арылып, еркін жүрген жөн.

Адам түнде екі немесе одан да көп рет оянса, жарты сағатқа дейін көзі ілінбесе, таңертең екі сағат бұрын тұрып кетсе онда ұйқысыздық бар деп айтуға болады. Бұл сиптом бір айдың ішінде екң аптаға созылса ғана сырқаттан емделу жолын іздеу керек.