Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Тайюань ғарыш айлағынан «Яогань-29» қашықтан зондтау спутнигімен зымыран-тасығыш ұшырылды. Бұл туралы Lenta.ru «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Long March-4C зымыраны бейсенбі күні сағат 5:24-те (астана уақытымен 03:24) ұшырылды. Бұл осы сериялы зымыран-тасығыштың 219-шы ұшырылуы.

Спутник Жердің бетін зерттеу, егін түсімін бағалау және табиғи апаттар салдарын жою эксперименттеріне пайаланылады.

«Яонгань» сериялы алғашқы спутник Қытайда 2006 жылы ұшырылған болатын. Фото: Yan Yan / Xinhua / Zumapress / Global Look

Соңғы жаңалықтар