Қытай жерді зерттеу спутнигін ғарышқа ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай «Яогань-25» зерттеу спутнигін орбитаға сәтті шығарды, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.
None
None

Аппарат орбитаға Ганьсу провинциясының солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған «Чанчжэн-4Си» зымыран-тасығышымен шығарылды. «Яогань-25» ғылыми тәжірибелер үшін, табиғи ресурстардың жағдайын зерттеу, ауылшаруашылық өнімдеріне баға беру және төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін пайдаланылады деп жоспарланған.

Бұл «Чанчжэн» класындағы саны бойынша 201-ші зымыранның ұшырылуы. «Яогань» класындағы алғашқы спутник 2006 жылы ұшырылған.

Соңғы жаңалықтар