Қытай жыл басынан бері ғарышқа екі рет сәтті зымыран ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай 2017 жылдың ғарыштық ұшу шараларын сенімді түрде бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Алғашқы ғарыштық ұшырылым 2017 жылдың 5 қаңтар күні Бейжің уақытымен сағат 23:18-де өтті. Сичан №2 ғарыш айлағында TJSW-2 (Tongxin Jishu Shiyan Weixing) жер орбитасына тәжірибелік байланыс серігін алып келген «Чанчжэн-3В/G2» тасығыш-зымыраны ұшырылды.
Төрт күн өткен соң, 2017 жылдың 9 қаңтары күні жергілікті уақытпен сағат 12:11-де Цзюцюань ғарыш айлағында бортында үш серігі бар Kuaizhou-1A тасығыш-зымыраны ұшырылды. Ұшырылым сәтті өтіп, ғарыш құрылғылары жер орбитасына енгізілді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Байқоңыр ғарыш айлағындағы алғашқы ұшыру бекітілген кестеге сәйкес, 2017 жылдың ақпан айынан ерте емес деп белгіленген.
Байқоңыр ғарыш айлағындағы дереккөз атап өткендей, қаңтардың соңында жеті рет кейінге қалдырылған «ЭкоСтар-21» ғарыш құрылғысы бар «Протон-М» зымырантасығышы - ұшырылуы мүмкін.